Бітіруші көп түлектердің осы тақырыпта ойланып жүргені анық. Біз сіздердің таңдауларыңыз үшін тест ұсынамыз.
__
Алдымен туған күніңізге байланысты жеке кодыңызды анықтаңыз.
Түрлі мамандық тобы белгілі бір санмен байланысты. Мәселен, туған күніңіз:
25.12.1983 Күні: 25=2+5=7 Айы: 12=1+2=3 Жылы: 1983=1+9+8+3=21=2+1=3 25.12.1983=(2+5)+(1+2)+(1+9+8+3)=7+3+3=13=1+3=4 4 саны – сіздің жеке кодыңыз Егер сізде екі таңбалы сан шықса, онда оларды өзара қосып, бір сан алу керек. Мәселен: 23=2+3=5 Нәтижені жеке код бойынша қараңыз
_
1. Қызмет саласы: Түрлі дәрежедегі бастықтар. Шығармашыл жандар. Ұйымдастырушылар. Жауапкершілік танытып, нәтижеге қол жеткізе алатын белсенді, қызу жұмыстар. Мамандықтар: Банк қызметкері, менеджер, дәрігер, мемлекеттік қызметкер,зергер, әртіс, суретші. Мақсат: Өзіне сай келетін істі табу.
_
2. Қызмет саласы: Өзгелерге қамқорлық көрсетіп, көмек беруге байланысты мамандықтар. Қоғамдық қызмет көрсету саласы. Мамандықтар: Дәрігер, қоғамдық қызметші, өнер қайраткері, саяхатшы,үй ханымы, фермер, актер. Мақсат: Сезім мен қиялды дамыту. Сүйікті және танымал болу тілегі.
_
3. Қызмет саласы: теxникалық мамандық, өздігімен жұмыс істеу қабілеті. Ойлау жүйесі белсенді түрде жұмыс істейтін кез келген сала сәйкес келеді. Мамандықтар: Менеджер, әскери қызметші, кеден қызметшісі, хирург, спортшы, кәсіпкер, журналист, администратор. Мақсат: Күш пен қуатты түгелімен жұмыс жолына арнау.
_
4. Қызмет саласы: Майда бөлшектерге аса назар аудару қажет кез келген жұмыс, өндіріс, бақылау мен қорғауға байланысты жұмыстар. Мамандықтар: Аналитик, журналист, мұғалім, администратор, сатушы, емші, ақпараттық қызмет,құрылысшы. Мақсат: Ақпаратты жинақтау, саралау, тапсыру, үнемі ізденісте болу.
_
5. Қызмет саласы: Халықаралық ақпарат алмасумен байланысы бар жұмыс.Мамандықтар: Заңгер, жарнама агенті, қаржыгер, мемлекеттік шенеунік, психолог, жазушы, аудармашы, ғалым, мұғалім, кәсіпкер. Мақсат: Ақиқатқа, жоғары білімге ұмтылыс.
_
6. Қызмет саласы: Адамдармен араласуды қажет ететін өнер мен қызмет салалары. Оқу орындарындағы, медицина. Мамандықтар: Косметолог, дизайнер, елші, адвокат, дәрігер, ресторатор, фотограф, банк қызметкері, музыкант, суретші, жазушы, әртіс. Мақсат: Бұл әлемге сұлулық пен үйлесім әкелу.
_
7. Қызмет саласы: Қоғамдық ортадағы жауапты қызметтер. Шыдамдылықты қажет ететін жұмыс. Мамандықтар: Кеңесші, стилист, риэлтор, құрылысшы, заңгер, психолог, сатушы, банк қызметкері, фермер, шахтер,құқық қорғау қызметкері, дәрігер, тарихшы, шенеунік, дизайнер. Мақсат: Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін өзін дамыту.
__
8. Қызмет саласы: Шығармашылық жұмыспен байланысты іс.Мамандықтар: Маркетолог, қаржыгер, өнертапқыш, атомдық энергетика маманы, қоғамдық қызметкер, механик, инженер, мұғалім, биші, дәрігер. Мақсат: Демократия, адамның еркіндігі мен құқықтарын қорғау.
__
9. Қызмет саласы: Қиял мен түйсікті қажет ететін кез келген қызмет. Мамандықтар: Фармацевт,ақын, актер, емші, мұнай саласының қызметкері, теңізші, жеке детектив, қоғамдық қызметкер, психолог, заңгер. Мақсат: Шынайы руханилыққа қол жеткізу.